Бас жаңалықтар
Ең алғаш коронавирустың қашан пайда болғаны анықталды
06 Қыркүйек 2021, 12:28 949

Ең алғаш коронавирустың қашан пайда болғаны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оксфорд университетінің ғалымдары ең ежелгі коронавирус инфекциясын анықтады. 

Олардың пайымдауынша, 2002-2004 жылдары пневмонияның өршуін тудырған SARS-CoV-1 және COVID-19 пандемиясының қоздырғышы SARS-CoV-2 вирустары 21 мың жыл бұрын болған деп жазады Lenta.ru Current Biology журналына сілтеме жасай отырып.

Вирустар қысқа мерзім ішінде жылдам даму қабілетіне ие екені белгілі. Алайда олар неғұрлым қожайынының организміне бейім келсе, мутацияға да соғырлым еркін ұшырайды. Жаңа зерттеулер вирустардың жылдамдығының төмендеу заңдылығын есепке алып отыр. Бұл ғалымдарға коронавирустың ең алғашқы шығу тегінің эволюциясын бақылауға мүмкіндік тудырып отыр.

Бұдан былай ғалымдар SARS-CoV-2-мен байланысты вирустардың шығу тегін зерттеп қана қоймай, өткен кезеңдердегі РНҚ- және ДНҚ-вирустарының кең ауқымын айқындауға көшті. Мәселен, С гепатиті вирусының болжалды үлгілері жарты миллионнан астам жылдан бері адами популяцияда бар. Осылайша, гепатит вирусы 150 мыңдаған жыл бұрын Африкада адамдардың арасында таралу ықтималдылығы бар.


Фото: дереккөз
Загрузка...