Елордада «Өнер тынысы» концерті өтті

24 Ақпан 2021, 00:21
1005
Бөлісу:
Елордада «Өнер тынысы» концерті өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының үрлемелі оркестрінің әртістері қазақстандық және шетелдік композиторлардың танымал туындылары орындалды. 

Бас дирижер − Вероника Дударова атындағы Бүкілресейлік оркестрлік дирижерлер байқауының I дәрежелі лауреаты Дархан Рахымғалиев.

Үрлемелі оркестрдің концерттік бағдарламасында Еркеғали Рахмадиевтің «Гаухар тас», «Дайрабай» әндерін, Ескендір Хасанғалиев әндерінен құралған попурри, Дархан Рахымғалиевтің өңдеуіндегі Нұрғиса Тілендиевтің шығармасы, Астор Пьяццолланың «Либертангосын» және тағы да басқа танымал композицияларды ұсынды.

Концертке үрлемелі аспаптар квинтеті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Света Айтбаева және Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының өзге де әртістері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы