Бас жаңалықтар
Елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз – Бейсенова
05 Мамыр 2021, 11:21 758

Елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз – Бейсенова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордадағы эпидемиологиялық жағдай және тұрғындарды COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індеті бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр. Қала екі ай бойы «қызыл» аймақ қатарында. 5 мамырдағы жағдай бойынша қала халқының 2,9 пайызы немесе 34 мыңнан астамы 2 компонент бойынша егілді. Бірінші компонент 118 мыңнан астам адамға егілді. Алайда жаппай вакцинациялау үшін барлық жағдай жасалған кезде де елорда тұрғындары тарапынан белсенділікті көргіміз келеді, - деді ол.

Бейсенова айтқандай, елорда тұрғындары мен қонақтары арасында коронавирус жұқтыру сырқаттану санының күнделікті өсуіне әсер отыр.

Қала тұрғындары мен бизнес субъектілеріне барлық сақтық талабын сақтауға шақырамын. Індетпен күресудің жалғыз жолы – ұжымдық иммунитетті дамыту. Бұл халықты жаппай вакцинациялау кезінде ғана жүзеге асырылады. Әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағуға, бұқаралық шараларды ұйымдастырмауға, қатыспауға шақырамын. Қаланың эпидемиологиялық жағдайына жауапкершілікпен қарауға шақырамын, - деді Бейсенова.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...