Бас жаңалықтар
Елордада "Жолда қабылдау" акциясы өтуде
15 Қараша 2019, 11:34 482

Елордада "Жолда қабылдау" акциясы өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 және 16 қарашада әкімшілік, жергілікті полиция, кадр саясаты және көші-қон қызметтерінің полиция қызметкерлері азаматтарды қабылдайды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындары мен қонақтардың назарына! Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық "Жолда қабылдау" акциясы өтеді. 15 және 16 қараша айында сағат 09:00 ден 19:00 арасында әкімшілік, жергілікті полиция, кадр саясаты және көші-қон қызметтерінің полиция қызметкерлері азаматтарды қабылдайды. Қала тұрғындары мен қонақтары полиция қызметкерлеріне құқықтық көмек алуға, қоғамдық және жол қауіпсіздігі мен көші-қон заңнамаларын ұстану және т.б. сұрақтармен жүгіне алады, - делінген ақпараттта.
Іс-шара қаланың мамандандырылған ХҚКО-да және ірі сауда орталықтарында өткізіледі.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...