Бас жаңалықтар
Елордада санитарлық талапты бұзған мекемелерге 28 млн теңгеден астам айыппұл салынды
11 Желтоқсан 2020, 12:34 300

Елордада санитарлық талапты бұзған мекемелерге 28 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында коронавирустық инфекцияның елордада таралуы және Нұр-Сұлтан карантин режимінің сақталуын бақылайтын мониторинг тобының жұмысы туралы онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева айтты. 

Оның айтуынша, 10 қарашадан бері қалада қоғамдық орындар мен кәсіпкерлік нысандардың санитарлық талаптарды орындауын қадағалайтын мониторингтік топ жұмыс істейді. Сондай-ақ олар жедел хабарламалар бойынша да нысандарды тексеруге шығады. Осы күнге дейін мұндай 158 хабарлама келіп түскен.

Нәтижесінде 10 нысанның санитарлық талаптары екінші мәрте бұзғаны анықталып отыр. 107 нысанға 28 млн 993 мың теңгенің айыппұлы салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда хаттама толтырылып, айыппұл салынғаны қарамастан, оған құлақ аспайтын нысандар да бар. Елордада олардың саны жетеу - «Жаным сол» караоке бары, «Алания», «Эхо», «Текила», «Сова» көңіл көтеру орындары және «Золото» мейрамханасы, - деді ол. 

Жанна Пралиева аталмыш нысандарға айыппұл салынумен қатар, 3 айға дейін қызметін тоқтату жазасы қолданылуы мүмкін екенін айтты. Санитарлық талаптарды сақтаймын нысандардың басым бөлігі көңіл көтеру, қоғамдық тамақтану және сауда орындары екенін атап өткен жөн.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...