Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада "Магнум" ЖШС сауда желілерінде АӘК алатын отбасылардың балаларына сәуір айындағы кестеге сәйкес әлеуметтік пакеттер таратылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұқтаж жандарды әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуде еңбекке ынталандыру, әділ әрі таза болуы үшін АӘК-ті тағайындаудың тетігін реттеуді тапсырған болатын. Соған сәйкес елордада 10 наурыздан бері АӘК алатын отбасылардың 1 мен 6 жас аралығындағы балаларына азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарлары беріле бастады. Осы күні ұзын-сонар кезек болдырмау мақсатында елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер алушылардың тізімін жасаған. Әлеуметтік пакеттер ай сайын кесте бойынша беріледі. Бүгін сәуір айындағы кестеге ілінгендерге таратылып берілді.Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер елорданың 4 ауданындағы "Магнум" ЖШС сауда желісінің 5 супермаркетінде белгіленген кесте бойынша беріледі.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Магнум" ЖШС сауда желісіне мына көшелерде орналасқан:
Алматы ауданы, Еділ көшесі, 26, Жансүгіров көшесі, 8/1 "Б" литері; Байқоңыр ауданы, Ш. Уәлиханов көшесі, 20; Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 55 "Д"; Сарыарқа ауданы, Алаш тас жолы, 23/1.
Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметі бойынша әлеyметтiк топтaмаларымeн 4409 баланы қамтуды жоспарлап отыр.
Әр жас шамасындағы балалар үшін мынандай азық-түлік пакеті беріледі:
1-3 жас аралығындағы балалар кепілдендірілген әлеуметтік топтамасында 2 дана 400 г сұлы жармасы, 1 дана 400 г жүгері жармасы, 2 дана 160 г гипоаллергенді балалар ботқасы, 1 дана 180 г балалар печеньесі, 10 дана 50-100 г балалар жеміс және көкөніс езбесі, 2 дана 1 л пастерленген сүт алады.
3-6 жас аралығындағы балаларға 200 г табиғи бал (1 дана), 800 г ұнтақталған бұршақ (1 дана), 1000 гр арпа жармасы (1 дана), 700 гр ұнтақ жармасы (1 дана), 400 гр сұлы қауызы (2 дана), 800 гр қарақұмық жармасы (2 дана), 400 гр макарон (2 дана), 250 гр таңғы ас жастықшалары (1 дана), 0,8 л күнбағыс майы (1 дана), 200 гр балалар печеньесі (2 дана), 40 гр гематоген (6 дана), 1 л пастерленген сүт беріледі (2 дана).
Ал тұрмыстық химия заттары 1-6 жас аралығындағы балалар үшін тоқсанына бір рет беріледі:
Балалар тіс пастасы (кемінде 50 миллилитр), балалар тіс щеткасы, (кемінде біреуі), балаларға арналған гипоаллергенді сабын (кемінде 180 грамм), балалар сусабыны (кемінде 200 миллилитр), балалар кремі (кемінде 45 миллилитр), кір сабын (кемінде 200 грамм), балалар кір жуғыш ұнтағы (кемінде 800 грамм) кіреді.
Айта кетейік, әлеуметтік пакеттер ай сайын кесте бойынша беріледі. Әрбір беру пунктінде жауапты тұлғалар бекітілген. Әлеуметтік пакетті алушылар өз ЖСН-ді http://www.magnum.kz/garantirovannaya-socialnaya-pomoshh сайтына енгізіп, тізімде бар-жоғын тексере алады. Олардың аты-жөні күн сайын алфавиттік тәртіппен жарияланады.