Бас жаңалықтар
Елордадағы сақалды құрылыстардың бірі қайта жанданды
23 Мамыр 2020, 12:07 114

Елордадағы сақалды құрылыстардың бірі қайта жанданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы ең проблемалық құрылыстардың бірі қайта жанданды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрылыс жұмыстары "Шығыс" тобының тұрғын үй кешенінің 2А, 2В, 3А, 3В нысандарында басталды. 

Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылыс барысымен танысты. Осы блоктардағы үлескерлердің саны мыңнан асады. Алданған жылжымайтын мүлік инвесторлары өздерінің пәтерлерін 2011 жылдан бері күтуде. Жиналыста "Шығыс" тұрғын үй кешенінің 1А және 1В блоктарының үлескерлері өз учаскелерінде құрылыс жұмыстарын бастауды сұрады. 

"Шығыс" тұрғын үй кешені – ұзақ уақытқа созылған күрделі мәселенің бірі. 1а және 1С топтарының үлескерлері арасында бөліну бар. Сіздерге бір тұрғын үй құрылысы кооперативіне бірігу керек. Ымыраға келу керек. Алаяқтарға емес, тек мемлекетке сеніңіз. Бұл мәселені шешеміз. Ел басшылығы бізге үлескерлердің үйлерін аяқтауды тапсырды. Үкімет қолдау көрсетіп жатыр. Бұл бағытта әкімдік көптеген маңызды жұмыстар атқаруда, – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов. 

Жоғарыда аталған блоктар "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Елорда Құрылыс" компаниясының қатысуымен аяқталады. 2019 жылы қаланың 10 ұзақ мерзімді құрылыс жобасы аяқталып, пайдалануға берілді – 2,5 мың үлескер жылдар бойы күткен пәтерлерін алды. 2020 жылы ұзақ мерзімді құрылыс жобалары екі есе көп – 20 тұрғын үй кешені. Бұл 8 мың үлескердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Әр нысанның кезең-кезеңімен жоспары бар.




Фото: дереккөз
Загрузка...