Елордада құрылыс материалдары өртенді

29 Шілде 2020, 11:29
2150
Бөлісу:
Елордада құрылыс материалдары өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт 40 тонналық контейнерді де шарпыған. Бұл туралы елордалық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін 10.30 да Жиенқұлова 12/2 өрт туралы хабар тусті. Өрт орнына 6 минут ішінде келген өрт сөндірушілер ашық жерде құрылыс материалдары өртеніп жатқанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады. Қасында құрылыс материалдарымен тұрған 40 тонналық контейнер зардап шеккен. 11:01 өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, - делінген ТЖД хабарламасында.




Өзгелердің жаңалығы