Елордада өткен жылы тіркелген қылмыстар саны 30%-ға азайды

24 Ақпан 2021, 20:15
1751
Бөлісу:
Елордада өткен жылы тіркелген қылмыстар саны 30%-ға азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел астанасы жыл өткен сайын қарқынды түрде кеңейіп келеді. Ал цифрландыруда қауіпсіздік бағытына негізгі басымдық беріледі. Жолдардағы қауіпсіздіктен басқа «Қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жобаны іске асырудың алғашқы қадамдары «Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы болып саналады. Жоба аясында тәртіпті бақылау үшін көппәтерлі аулаларда бейнебақылау камераларын орнату ісіне басымдық беріледі. Бейнекамералар заңсыз әрекеттерді анықтап, алдын алу үшін үздіксіз мониторинг жүргізеді. Бейнебақылау камераларының негізгі функционалдық мүмкіндіктері – бейнетіркеу, деректерді өңдеудің интеграцияланған жүйесі, сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету. Олардың бәрі түрлі жағдайларда жүйенің тиімді жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жолдардағы қауіпсіздік бойынша зияткерлік көлік жүйесі толығымен енгізілді. Соның арқасында елорда жолдары еліміздегі ең қауіпсіз жолдардың біріне айналып отыр. Үздіксіз мониторинг жүргізу үшін арнайы жүйелерді пайдалану – ішкі өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік берді. Қазірдің өзінде жобанының оң әсері байқалады. Статистика бойынша 2020 жылы тіркелген қылмыстар саны 30%-ға азайды, - делінген ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы