Бас жаңалықтар
Елордада монша, сауна мен массаж салондары қалай жұмыс істейді?
25 Желтоқсан 2020, 10:56 580

Елордада монша, сауна мен массаж салондары қалай жұмыс істейді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтып берді.

Оның айтуынша, монша мен саунада бір келушіге 5 шаршы метр орын тиесілі болуы керек. Сондай-ақ, аталмыш нысандар клиенттерді алдын-ала жазылу бойынша қабылдайды. 

Монша, сауна мен спа, массаж салондарының жұмысына барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс және демалыс күндері сағат 8.00-ден 23.00-ге дейін рұқсат етілді. 

Монша, сауна және бассейндерде адамдардың жалпы сыйымдылығы 50 пайыздан аспауы тиіс. Ал массаж, спа салондарында бір мезетте 3 адамнан аспауы тиіс. Қабылдау тек алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады, - деді ол.

Сондай-ақ бас санитар дәрігер, мереке қарсаңында мейрамханалардың, кафелердің, барлардың, асханалардың жұмыс уақыты ұзын-сонар кезек туындауына жол бермеу мақсатында 24 сағатқа дейін ұзартылады. Бұл ретте ғимарат ішінде 30 орыннан артық болмауы, санитарлық-эпидемиологиялық, санитарлық-профилактикалық шараларды сақталуы, үстелдер арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы, әр үстелге 4-6 адамнан артық отырғызылмауы керек.

Жұмыс кестесі сағат 22:00-ге дейін сақталатын тұрғын үйлерде орналасқан объектілерді қоспағанда. Санитарлық талаптарды сақтамаған нысандар жұмысы тоқтатылады.


Фото: дереккөз
Загрузка...