Елордада алғаш рет электромобильдер шеруі өтеді

4 Маусым 2019, 12:41
1876
Бөлісу:
Елордада алғаш рет электромобильдер шеруі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған орта күні елордадан электромобильдер автошеруі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

"Нұр-Сұлтан - Бурабай - Нұр-Сұлтан" бағыты бойынша 540 км қашықтықты жүріп өтетін электромобильдердің «Jasyl Jol» алғашқы автошеруін Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы өткізеді.

"Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты халыққа Жолдауында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі таңда қоғамдық көлікті экологиялық таза отын түрлеріне көшіру үшін жағдай жасау, электромобильдерді енгізу және олар үшін тиісті инфрақұрылым құру маңызды екенін атап өтті.

Электромобильдердің автошеруі басталар алдында дөңгелек үстел өтеді, оған Қазақстанда электр көлігінің инфрақұрылымын дамыту және насихаттау мәселелерін талқылау үшін министрліктердің, бизнестің және халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылған. 

«Қазақстан Республикасында көліктің балама түрлерін ілгерілету – қалдықты азайтуға және орнықты қалаларды дамытуға қосар үлес» атты дөңгелек үстел өтеді. Сонымен қатар, қатысамын деушілерге арнап электромобильдер көрмесі өтеді.
Өзгелердің жаңалығы