Елордада дзюдо орталығы ашылды

2 Ақпан 2021, 15:31
2733
Бөлісу:
Елордада дзюдо орталығы ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК жанынан дзюдо орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. 

Жапонның төл күресіне деген қызығушылық жоғары. Осыны ескерген олимпиадалық даярлау орталығының басшылығы оның ауқымын кеңейтіп, барлық қатысушыға жайлы жағдай жасаған. 

Елордада дзюдо орталығы ашылды

Қазір негізгі залдың көлемі 410,4 шаршы метрді құрайды. Бұл бір мезетте 100 адамның емін-еркін дайындалуына мүмкіндік береді. Ал орталықтың жалпы аумағы 721,2 шаршы метрді алып жатыр. Бұл жерге киім ауыстыратын және басқа да бөлімдер кіреді.

Маған дзюдо үйірмесі ұнайды. Аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері) келеміз. Бұл залдың ашылғанына өте қуаныштымын. Залдың көлемі кең, әдемі. Бапкеріміз Сергей Александрович бізді үнемі мақтап жүреді. Қолдауын да аямайды, - дейді №38 мектеп лицейінің 5-сынып оқушысы Әлішер Төлегенов.
Елордада дзюдо орталығы ашылды

Салтанатты ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков пен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат  Қожамжаров қатысты.

Федерация басшысы алдағы Олимпиада ойындарына құраманың дайындығы жайлы сөз қозғады.

Елордада дзюдо орталығы ашылды

Карантин қанша әсер еткенімен, соған қарамастан алдымызға үлкен мақсат қойып отырмыз. Оған сеніміз мол. Дзюдо бұл жай ғана спорт емес. Бұл үлкен философия. Осында жиналып отырған жас спортшылар мен болашақ чемпиондар үшін қуаныштымын. Жалпы Қазақстанда барлық спорт түрінің дамуына жағдай жасалуда. Соңғы жыл ішінде-ақ біз барлық облыс орталығында республикалық маңызы бар үш қалада халықаралық дзюдо комитетінің көмегімен 20 спорт секциясын аштық. Осы залда біздің болашақ чемпиондарымыз жаттығады. Олар ұлттық құрамамыздың болашағы. Оған дәлелдеріміз жеткілікті.  Биыл өтетін жарыстарға тыңғылықты дайынбыз. Жүлделі оралуға үміттіміз, – дейді Қайрат Қожамжаров.
Елордада дзюдо орталығы ашылды
Олжас Адай
Өзгелердің жаңалығы