Елордада "Бұрқасын – 2020" қысқы фестивалі өтеді

20 Ақпан 2020, 07:05
1278
Бөлісу:
Елордада "Бұрқасын – 2020" қысқы фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 ақпанда елордада жыл сайынғы "Бұрқасын – 2020" XX мерейтойлық қысқы фестивалі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш іс-шара спорттың 8 түрі бойынша ұйымдастырылады: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, шайбалы хоккей, белбеу күресі, қысқы шағын футбол, арқан тартыс және мотоспорт.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа қатысып, 1, 2, 3-орын алған жүлдегерлер диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Жарысқа қатысуға денсаулығы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ барлық адамдар жіберіледі. Тіркеуден өту кезінде жеке басын куәландыратын құжат қажет. Сонымен қатар, жарысқа қатысушылардың жеке спорттық құрал-жабдықтары болуы тиіс. Болмаған жағдайда аумақта шаңғыларды жалға беру орындары жұмыс істейді, бірақ олардың саны шектеулі, - дейді ұйымдастырушылар.

 Айта кетейік, дәстүрлі фестиваль сағат 11:00-де шаңғы трассасында (Astana Park Hotel) басталмақ.


Өзгелердің жаңалығы