Елордада қайырымдылық «Astana Nauryz marathon» өтті

24 Наурыз 2019, 16:33
2072
Бөлісу:
Елордада қайырымдылық «Astana Nauryz marathon» өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада қайырымдылық «Astana Nauryz marathon» өтті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Спорттық шараға қатысушылардан жиналған қаржы қатерлі ісік ауруларына шалдыққан балалардың еміне жұмсалады. Триатлон саябағында алғаш рет 50 метр, 5, 10 және 21 шақырым қашықтыққа лайықталған мерекелік марафон өтті. Жарысқа жеті жүзден астам адам қатысты. Олардың арасында балалар мен қариялар да бар. Барлық қатысушылар медальдарға және спорттық дүкендердің сертификаттарына ие болды. 

 «Мен спортпен шұғылданғанды, әсіресе жүгіргенді жақсы көремін. Осы жылы мен 500 метр қашықтықты бағындырып, бірінші орынды алдым»,  – шараның жас қатысушысы Аяжан Ізбасарова.                                                                                                                                                      


Өзгелердің жаңалығы