Бас жаңалықтар
Елордада ат спорты кешені салынады
28 Мамыр 2020, 12:17 186

Елордада ат спорты кешені салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалада Жаңа ат спорты кешені салынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

2020 жылы Нұр-Сұлтанда қандай спорт нысандары жөндеуден өтетіні белгілі болды.

Атап айтқанда, төрт спорт нысанында жөндеу, сондай-ақ екі жаңа нысанның құрылысы жүргізілуде. Жол картасы аясында "Толқын" спорт кешені мен Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионға күрделі жөндеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта Жеңіл атлетикалық спорт кешенінің құрылысы аяқталуда. 

Спорт кешені IAAF (жеңіл атлетика федерацияларының халықаралық қауымдастығы) талаптарына толық сай келеді. Нысан Әлем чемпионаттары мен жазғы Олимпиада ойындарын қоса алғанда, жабық үй-жайларда жеңіл атлетикалық пәндер бойынша халықаралық және республикалық жарыстар өткізуге көзделген, – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар "Қазанат" ипподромының аумағында иппотерапия әдісімен мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту үшін ат спорты кешенін салу және пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның өткізу қабілеті 250 адамды құрайды және 600 орындық трибунасы бар. 

Бұл жоба жеке қаржылық бастама бойынша МЖӘ аясында жүзеге асырылуда. Құрылыс 2020 жылдың 3 ақпанында басталды, – деп түсіндірді әкімдікте. 

Иппотерапия –әлемдік оңалту практикасында кеңінен қолданылатын БЦП-ті тиімді оңалту құралы. Жылқылармен айналысу балалардың дене, психологиялық және эмоциялық жағдайына оң әсер ететіні ғылыми дәлелденген. Жалпы алғанда, Нұр-Сұлтан қаласында 30-дан астам ірі спорттық нысан жұмыс істейді.



Фото: дереккөз
Загрузка...