Бас жаңалықтар
Елордада Алматы мен Қызылорда облыстарының жәрмеңкесі өтті
11 Қыркүйек 2021, 17:58 70

Елордада Алматы мен Қызылорда облыстарының жәрмеңкесі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі жалғасуда. Бүгін өз өнімдерін Қызылорда және Алматы облыстары ұсынды. 

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қызылорда облысы жәрмеңкеге 11 және 12 қыркүйекте қатысады. Облыстан 70-тен астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші келді. 450 тоннадан астам өнім әкелінді. Елордаға негізгі өніміміз - 140 тонна күріш әкелдік. Сондай-ақ 20 тоннадан астам ет және басқа да көптеген тауар бар, - деді Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Бейсебаев.
Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мақсұт Жапаров Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеге Алматы облысының 17 ауданы мен 3 қаласы қатысып жатқанын айтты.
212 млн теңгенің 462 тонна өнімі әкелінді. Барлығы 50-ге жуық тауар түрі бар, - деді ол.
Сондай-ақ жәрмеңкеде «Байқоңыр» ӘКК өз серіктестерінің өнімін ұсынды. 
Біздің ерекше өніміміз - ол табиғи қауын чипсылары. Бұл балаларға беруге болатын өте пайдалы өнім. Сондай-ақ біз «жантақ балын» ұсындық. Бұл жантақ шөбінен алынған бал. Өздеріңіз білетіндей, мұндай шөп Қызылордада өседі. Бұл бал алғаш рет осындай ірі көлемде жәрмеңкеде ұсынылды, - деп атап өтті «Байқоңыр» ӘКК өкілі Динара Эшатова.

Айта кету керек, нөсер жаңбырға қарамастан жәрмеңкеге жүздеген қала тұрғыны мен қонағы келді. Нарық бағасынан төмен тауарлар - бұл астаналықтар үшін өз қорларын толықтыруға және түрлі облыстың азық-түлік дәмін татуға тамаша мүмкіндік. 

Осындай жәрмеңкелерді өткізіп тұратыны өте жақсы. Кіру және шығу кезінде адамдар ағыны бақыланады және санитарлық нормалардың сақталуын қадағалап отырады. Пандемияға қарамастан, бүгін отбасымызбен бірге қажетті азық - түлік сатып алдық, - деді елорда тұрғыны Балқадиша.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы апта сайынғы жәрмеңке 31 қазанға дейін жалғасады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...