Астанада карантинді бұзудың 6 фактісі анықталды

11 Қыркүйек 2021, 17:46
7438
Бөлісу:
Астанада карантинді бұзудың 6 фактісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мобильді топтар карантин режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Бір тәулік ішінде 40 кәсіпкерлік субъектісі карантин шараларын сақталуы тұрғысынан тексерілді.

Тексеру барысында карантинді бұзудың 6 фактісі анықталды.

Осылайша, Достық көшесіндегі «Ray Bar» мекемесі, ЖСШК көрсетілген жұмыс кестесіне қарамастан, сағат 00.33-те жұмыс істеп, келушілерді қабылдады. Мекемеде әлеуметтік қашықтық пен карантин туралы ұмытып кеткен 100-ге жуық клиент болды.

Сондай-ақ сағат 02.55-те карантиндік талаптарды бұза отырып, «Кокос» ресто-бары жұмыс істеді, онда 15 азамат болды.

Мекеме иелеріне қатысты жиналған материалдар ҚР ӘҚБК 425-бабы бойынша әкімшілік өндірісті қозғау үшін уәкілетті органға жіберілді.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті кәсіпкерлерге карантин шараларын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы және сот шешімімен карантиндік шараларды сақтамауға байланысты қызметті тоқтата тұру мүмкіндігі туралы ескертіп, санитарлық нормаларды сақтауға шақырады, - делінген ПД хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы