Елордаға ұшып келген 170 жолаушы стационарға жатқызылды

7 Қазан 2020, 09:56
1769
Бөлісу:
Елордаға ұшып келген 170 жолаушы стационарға жатқызылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген 170 жолаушы стационарға жатқызылды. Бұл туралы  Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына 4 ұшақ қонды, рейстерді Turkish Airlines, Air Astana және Flydubai жүзеге асырды, барлығы 478 жолаушы мен 28 экипаж мүшесі. Олардың 170-інде ПТР тестілері болмаған немесе мерзімі өткен. Олар қаладағы қонақүйлерде орналастырылған ауруханаларға жатқызылды. Қызуы жоғары  жолаушылар анықталған жоқ. ПТР тестін тапсырғаннан кейін жолаушыларды үйлеріне жібереді, оң нәтиже болған жағдайда инфекциялық стационарға жібереді, - делінген хабарламада.

Елордаға ұшып келген 170 жолаушы стационарға жатқызылды

Еске сала кетейік, жақында елордалық әуежайды ҚР бас санитар дәрігерінің жаңа қағидасынан кейін жолаушыларды қабылдауға дайындығын тексерген болатын. 

Елордаға ұшып келген 170 жолаушы стационарға жатқызылды

2020 жылғы 6 қазан  00:00-сағаттан бастап ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы жаңа қаулысы күшіне енді.

Елордаға ұшып келген 170 жолаушы стационарға жатқызылды


Өзгелердің жаңалығы