Елорда полициясы халықтан ақша жинаған қорды тексеріп жатыр

18 Қыркүйек 2020, 07:25
1889
Бөлісу:
Елорда полициясы халықтан ақша жинаған қорды тексеріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалықтар тұрғын үйге инвестиция салу үшін өздерінен ақша алған корпоративтік қорға шағымданды. Полиция іс қозғады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

7 қыркүйекте Есіл ауданының полиция басқармасына «Otbasy men jastardy Koldau kory» корпоративтік қоры тарапынан алаяқтық фактісі бойынша елорда тұрғындары ұжымдық өтінішпен жүгінді. Қор тұрғын үй сатып алу үшін тиімді инвестициялау мақсатында жәбірленушілерден ақша алды және кейіннен өз міндеттемелерін орындауды тоқтатқан, – делінген полиция хабарламасында.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі («Екі және одан да көп адамға қатысты ірі мөлшерде жасалған алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы