Бас жаңалықтар
Елорда полициясы белсенді еріктілерді марапаттады
07 Желтоқсан 2019, 14:22 4164

Елорда полициясы белсенді еріктілерді марапаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер өздеріне күнделікті жұмыста көмек көрсетіп, өтеусіз еңбек етіп жүрген еріктілерге алғыс білдірді. Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі.


ПД бастығының орынбасары Айдос Рысбаев еріктілер Элеонора Серікқызы мен Бибігүл Әнуарбекқызын марапаттап, оларға хабар-ошарсыз жоғалып кеткен және туыстарымен туыстық қарым-қатынасын жоғалтқан адамдарды іздестіруде ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірлесіп өзара тығыз іс-қимыл жасасқаны үшін алғыс білдірді, - делінген хабарламада.
Еріктілер 3 жылға жуық уақыт полицейлермен бірлесіп жұмыс жасап, оларға хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдарды іздестіруге көмек көрсетіп келеді.

Қаланың еріктілер ұйымында 54 адам бар. Жылдың басынан бастап олармен білесіп жасалған жұмыстың арқасында хабар-ошарсыз кеткен 15-тен астам адам табылған, олардың арасында 4 кәмелетке толмаған бала бар.
                   


             


Фото: дереккөз
Загрузка...