Елорда мен Алматыда коронавирус жұқтырушылар саны азайды

10 Сәуір 2020, 18:41
1343
Бөлісу:
Елорда мен Алматыда коронавирус жұқтырушылар саны азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавируспен ауыратындардың өсу қарқыны төмендеді.Бұл  туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова айтты.

Соңғы бірнеше күнде ауру-сырқау деңгейінің өсуінің төмендеу динамикасы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында байқалды. Бұл карантин шараларын енгізумен тікелей байланысты. Осылайша, 4 сәуірден бастап жұқтырғандар санының өсу қарқыны Нұр-Сұлтанда 8,4% -дан 0,9% -ға дейін, Алматыда 15% -дан 2,5% -ға дейін төмендеді.  Осы аптаның басынан бері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында тек 6 адам ғана инфекция жұқтырды, - дейді Ботагөз Жақселекова.

Оның айтуынша, Қазақстан бойынша толықтай карантиндік шаралар енгізілген кезде пациенттердің өсу қарқыны 7% -ға дейін төмендеген.

Ол сонымен қатар, қазіргі уақытта 712 адам ауруханада емделіп жатқанын атап өтті.
17 науқастың жағдайы ауыр. 107 adamnyń  жағдайы орташа деп бағаланған. Айта кету керек, жалпы науқастардың 80 пайызы немесе 587 жағдайы жеңіл болып саналады, - деді жауапты хатшы.
Өзгелердің жаңалығы