Бас жаңалықтар
Елорда карантинге жабылады деген рас па?
04 Қазан 2020, 19:43 369

Елорда карантинге жабылады деген рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылатыны туралы ақпаратқа қатысты ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жауап берді.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 2020 жылдың 15 қазанынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабылатыны және қала аумағында блокпостар қойылатыны туралы Whatsapp мессенджерінде тараған ақпаратқа қатысты келесіні мәлімдейді:
Аталмыш ақпарат шындыққа жанаспайды және Нұр-Сұлтан қаласын 15 қазаннан бастап жабуға және оның айналасында блокпостар қою туралы мәселе бүгінгі уақытта қарастырылып жатқан жоқ. Құрметті азаматтар! Әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа сенбеуді және ақпараттың ресми дереккөздеріне сүйенуді сұраймыз: ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіні бақылау комитетінің ресми сайты және Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтына, сондай-ақ Коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналына, – делінген хабарламада.

Еске салайық, көрінеу жалған ақпаратты таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...