Елордада Абай атындағы жаңа гимназия ашылды

1 Қыркүйек 2019, 11:40
9892
Бөлісу:
Елордада Абай атындағы жаңа гимназия ашылды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін білім күніне орай, елордада жаңа гимназия ашылды. Оған еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласының А.Иманов – Е.Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан білім ордасы Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп-гимназия деп аталады. 

IMG_4954-01-09-19-11-07.JPEG
«Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, құрметті оқушылар!  Сіздерді жарқын және айтулы мереке - Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын.  Жаңа оқу жылында жаңа мектеп ашылып отыр.  Оған көрнекті тұлға, ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының есімі берілді. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылғы 30 мамырда «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» №55 жарлығы шыққан болатын», - деді Асқар Мамин.

IMG_4939-01-09-19-11-08.JPEG
Мектеп гуманитарлық бағытта жұмыс істеп, балаларға мемлекеттік тілде білім береді. Оқу кабинеттерінің саны – 36. Қазіргі таңда мектепке 1026 бала қабылданды, оның ішінде 1-сыныпқа 153 бала. Мектепте Абай мұражайы,Абайтану, жасыл технологиялар және виртуалды ғылыми зертханалар кабинеттері ашылған.

IMG_4947-01-09-19-11-08.JPEG
«Сіздердің алдыңғы қатарлы білім алуларыңызға, жаңа технологияларды игеруге және жоғары білікті және бәсекеге қабілетті маман болуға үлкен мән береміз. Біз білімді ұлт болуымыз керек.  Бұл мәселеде мұғалімдер маңызды рөл атқарады.  Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Педагог мәртебесі туралы» заң дайындалды. Бұл заң мұғалімнің мәртебесін арттыру, мұғалімдердің жалақысын көтеру, әлеуметтік өмірін жақсарту жөніндегі нақты шараларға бағытталған», - деді премьер-министр.

IMG_4944-01-09-19-11-08.JPEG
Асқар Мамин үкімет тарапынан мұғалімдердің әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі шараларға басымдық беріліп отырғанын атап өтті.

 «Құрметті оқушылар, адам өмір бойы білім алуы керек.  Цифрландыру мен жасанды интеллекттің енгізілуіне байланысты бүгінде көптеген мамандықтар жоғалып жатыр. Алайда, олардың орнына басқалары пайда болады.  Сондықтан сіздердің білім деңгейлеріңіз бәсекеге қабілетті және бүгінгі күннің талаптарына сай болуы керек. Біз сіздерге сенеміз», - дейді Асқар Мамин.

IMG_4949-01-09-19-11-07.JPEG
Мектеп құрылысы 2017 жылғы ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша басталған. Жаңа Мектеп-гимназиясы директорының міндетін атқарушы - А.О.Қашаева.

IMG_4938-01-09-19-11-08.JPEG
А.О.Қашаева Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Осыған дейін Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында директордың орынбасары болып қызмет атқарған.
IMG_4943-01-09-19-11-08.JPEG
Өзгелердің жаңалығы