Еліміздің 11 облысында дауылды ескеру жарияланды

16 Қаңтар 2021, 19:14
1202
Бөлісу:
Еліміздің 11 облысында дауылды ескеру жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең, 17 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында және еліміздің 11 облысында боран соғатыны ескертілді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, ертең Нұр-Сұлтан қаласында аяз болады. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Сондай-ақ 17 қаңтарда Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында батыстан, оңтүстік-батыстан жел тұрып, түнде оның жылдамдығы секундына 15-20, күндіз 15-20 метрге, ал кей жерде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Оқтын-оқтын жылдамдығы секундына 30 метрден асатын боран тұруы ықтимал. 

Аталған облыстардың кей жерінде бұрқасын болады. Ақтөбе облысының кей жерін тұман басады. Өңірдің солтүстігінде аяз күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел тұрып, облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. 

Шығыс Қазақстанның да кейбір өңірінде аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерде секундына 15-20 метр болады. Ал Жарма ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 30 метрден астамға жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, аяқ болады. Түнгі уақытта оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. 

Орал қаласында көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман басады. 

Жамбыл облысының кей ауданында тұман түседі, көктайғақ, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Тараз қаласында тұман мен көктайғақ күтіледі. 

Қарағанды облысының да кей жерін тұман басып, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлік жел тұрады. 

17-19 қаңтар күндері Қызылорда облысының кей өңірін тұман басатындығы күтіледі. 

Маңғыстау облысында да тұман болады. 

17-18 қаңтарда Түркістан облысының кей аумағында тұман, аяз болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлік жел соғады.


Өзгелердің жаңалығы