Еліміздің екі өңірінде дабылды ескерту жарияланды

10 Сәуір 2019, 18:16
1449
Бөлісу:
Еліміздің екі өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер ертең Түркістан облысы мен Қызылорда облысының кей жерлерінде қатты жел тұрып, бұршақ жауады деп болжайды.

11 сәуірде күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Шымкент қаласында күндіз кей уақытта найзағай, бұршақ күтіледі. Ал, Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/сдейін жетіп, бұршақ жауады деп күтілуде.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Өзгелердің жаңалығы