Бас жаңалықтар
Еліміздің екі өңірінде дабылды ескерту жарияланды
12 Наурыз 2019, 17:47 851

Еліміздің екі өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК Қазақстанның Маңғыстау және Қостанай облыстарында дабылды ескерту жариялады.

"13 наурызда күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде жел оңтүстік-шығыстан, солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с болады деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 13 наурызда Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел оңтүстік-батыстан 17-22 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 13 наурызда жел оңтүстік-батыстан 17-22 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Сізден жаңалық