Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

25 Ақпан 2020, 18:09
1507
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

26 ақпанда Көкшетау қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с шамасында. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.

Қостанай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстіктен солтүстік-батыс бағытына ауысатын 15-20 м/с болса, кей жерлерде оның екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шымкент қаласында қатты жаңбыр, күндіз оңтүстіктен солтүстік-батыс бағытына ауысатын 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы