Бас жаңалықтар
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді
14 Тамыз 2019, 12:02 172

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен алдағы үш тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, желдің күшеюімен күн күркіреп жаңбыр күтіледі, бұршақ түсуі мүмкін.

Ал республиканың батысына Архангельск өңірінен антициклон әсерін тигізіп, соның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ауа температурасы біртіндеп 30…41°С дейін жоғарылайды. 



Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық