Елімізде екі қаланың ауа сапасы нашарлайды

10 Шілде 2019, 08:23
1669
Бөлісу:
Елімізде екі қаланың ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 шілде күні Қазақстанның екі қаласындағы қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, қолайсыз метеорологиялық жағдай Қарағанды және Петропавл қалаларында байқалады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.    

Өзгелердің жаңалығы