Еліміздегі азық-түлік базарларының жаңа жұмыс кестесі белгіленді

9 Қаңтар 2022, 15:21
2620
Бөлісу:
Еліміздегі азық-түлік базарларының жаңа жұмыс кестесі белгіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атап айтқанда елордада таңғы 8-ден бастап кешкі 18.00-ге дейін ашық болады, деп хабарлайды Хабар 24. 

Шымкент қаласы мен Жамбыл облыстарында таңертеңгі 9-дан кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарының базарлары таңғы 9-дан 18:00-ге дейін келушілерді қабылдайды. Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы сауда орындарының жұмысы 10-нан кешкі 18.00-ге дейін жалғасады. Батыс Қазақстанда 10-да ашылып, кешкі 17.00-де жабылады. Тек Солтүстік Қазақстанда сауда-саттық орындарының жұмыс кестесі сағат 10-нан түскі 3-ке дейін белгіленген. Алматы облысында 12:00-ден кешкі 5-ке дейін ашық болады. Жалпы еліміз бойынша 100-ден астам азық-түлік базарлары жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы