Бас жаңалықтар
Елімізде жол құрылысы техникасын құрастыратын зауыт салынуы мүмкін
10 Қыркүйек 2021, 21:53 126

Елімізде жол құрылысы техникасын құрастыратын зауыт салынуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде мамандандырылған арнайы техникалар құрастыру және тұрмыстық техниканы өндіру жөніндегі жобаларды іске асыратын шетелдік және отандық компаниялардың басшыларымен кездесті.

Министрдің JCB компаниясының Ресей мен ТМД-дағы жетекшісі және Orbis Kazakhstan компаниясының Бас директоры Николас Грилспен кездесуі барысында тараптар JCB брендінің мамандандырылған жол-құрылыс техникасын құрастыратын өндіріс ашу туралы жобасын талқылады. Николас Грилс ҚР Үкіметі тарапынан отандық өндірушілерге үлкен қолдау көрсетілетінін атап өтіп, JCB компаниясының Қазақстан нарығында ұзақ мерзімге келетіні туралы ниетін білдірді.

Orbis Kazakhstan компаниясы Өзбекстанның Artel Electronics компаниясымен бірлесе отырып, Түркістан облысында тұрмыстық ас үй плиталарын шығаратын зауыт салу жоспарын жариялады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 1 млн тұрмыстық техниканы құрайды. Бұл жоба Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырып, нарықты отандық өндірістің сапалы әрі қолжетімді тұрмыстық техникасымен қамтамасыз етеді.

Министр отандық өндірісті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат шеңберінде бұл бастамаларды қолдауға дайын екенін білдіріп, Қазақстан Республикасының көлік құралдары мен түрлі техниканы құрастыру жөніндегі ірі орталық ретінде әлемдік тізбекке енуі қажеттігі туралы айтты.


Фото: дереккөз
Загрузка...