Елімізде вакцина алған қанша адам вирус жұқтырды?

23 Маусым 2021, 17:47
3144
Бөлісу:
Елімізде вакцина алған қанша адам вирус жұқтырды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова жауап берді.

Оның айтуынша, бүгінгі күні вакцина алғаннан кейін вирус жұтырған 1437 адам тіркелді.
Ол 0,05% деңгейінде. Бұл өте төмен көрсеткіш. Өйткені вакцина өндірушілердің өзі оның тиімділігін 92 пайызға бағалаған. Демек, 100 адамның сегізі вирус жұқтыруы ықтимал, - деді ол.
Сонымен қатар ол «Спутник V», Hayat-Vax және QazVac вакцинасын алған адамдар арасында вирус жұқтырудың фактілеріне де тоқталды.
«Спутник V» вакцинасының бірінші дозасынан кейін 979 адам вирус жұқтырды. QazVac-тан кейін сегіз адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Hayat-Vax-та бұл көрсеткіш 35 адам, - деді Айжан Есмағамбетова.
Айта кетейік, бұған дейін «Вакцина алуға міндеттеу азаматтардың конституциялық құқығын бұзбай ма?» деген сауалға жауап алғанбыз.

Өзгелердің жаңалығы