Бас жаңалықтар
Елімізде кинотеатрлардың жұмысы қайта жанданады
19 Қазан 2020, 17:37 203

Елімізде кинотеатрлардың жұмысы қайта жанданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті, деп хабарлады Рrimeminister.kz. 

Биылғы 26 қазаннан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, 30%-дан аспайтын толығумен жұмысын қайта бастайды. 

IV. Шектеу шараларын сақтау 

Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады. Облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салу жалғасады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сауда ойын-сауық орталықтары сенбі күні жұмыс істейтін болады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...