Елімізде бензин импорты бір жылда 94% қысқарған

17 Маусым 2019, 12:36
1747
Бөлісу:
Елімізде бензин импорты бір жылда 94% қысқарған

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың қаңтар-наурыз қорытындысы бойынша Қазақстан бензин сұранысының 98,2% және дизел отынының 93,1% өзі қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлады.

Өндіріс қарқынын жоғарлатып, импортты алмастыру саясатының арқасында елімізге импортталатын бензин мөлшері бір жылда 94% төмендеген. Ал экспорт 11,2 есеге жоғарылаған. 

Осы жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда 1,2 млн тонна бензин өндірілген, оның ішінде авиациялық жанармай өткен жылғыдан 9% артық. Сонымен қатар, 1,6 млн тонна дизель отыны өндірілген.

Өндірістің басым бөлігі Павлодар облысында атқарылған. Павлодар мұнай өңдеу зауытында бензиннің 38,6%, дизель отынының 41,4% осында шығарылған. Ал, Шымкент МӨЗ-і бензиннің 35,6%, дизель отынының 25,3% өндірген. Атырау облысы бензиннің 24,6% және дизельдің 29,3% қамтамасыз еткен.
Өзгелердің жаңалығы