Бас жаңалықтар
Елімізде Аналар күні атап өтіліп жатыр
20 Қыркүйек 2020, 13:28 227

Елімізде Аналар күні атап өтіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – Аналар күні. Соңғы 8 жыл көлемінде қыркүйек айының үшінші жексенбісінде аталып өтіліп жүр.

Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы 8 наурыз мерекесін тойлау қарсаңында отбасындағы береке мен мейірімнің ұйытқысы ретіндегі әйелдердің рөліне ерекше баға беріп, қазақстандық аналарға сый көрсету үшін арнайы бір күнді белгілеу идеясын алға тартқан болатын. Елбасы қазақстандық аналарды «үй жұмыстары саябырсып, молшылық кезең болатын» күз мезгілінде құттықтауды ұсынды. 

Көп уақыт өтпей Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мейрамдар туралы» №3827 жарлығына тиісті өзгертулер енгізілді. Оған сәйкес, елде жаңа мейрам - «Аналар күні» мерекесі тойланатын болды. Мереке қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...