Елімізде Абай әндерінің кавер түрлеріне байқау жарияланды

3 Шілде 2020, 00:51
1803
Бөлісу:
Елімізде Абай әндерінің кавер түрлеріне байқау жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Asyl Mura жалпыұлттық жобасы аясында Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған каверлер байқауы жарияланды. Бұл туралы "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының баспасөз қызметі хабарлайды.

Абай әндері мәтін мен музыканың, сөздер мен әуендердің ажырамас бірлігімен ерекшеленеді. Оның өлеңдерінің ерекшеліктері музыкалық тілдің ерекшелігімен қатар көптеген ән туындыларының пайда болуына септігін тигізді. Және де бұл сол дәуірдің музыкалық өнеріндегі жаңа құбылыс болды. Қазіргі таңда олар танымал әрі сұранысқа ие болып, республиканың көрнекті әншілерінің, музыканттарының, шығармашылық ұжымдарының репертуарына кіреді, жетекші концерт залдарының сахналарында орындалады, - делінген хабарламада.

Байқауға кез келген адам қатыса алады.

Қатысу үшін келесідей шарттарды орындау қажет:

1. Абай әніне кавер орындап бейне жазу.

2. Instagram-да бейнені келесі хэштегтермен орналастыру #Абайәуені175, #Abay175cover.

3. @Birgemiz_asyl_mura @jasulan_qz белгілеу керек.

Байқау 2020 жылдың 20 шілдесіне дейін жалғасады.

Жүлде қоры - 100 000 теңге.

Ұйымдастырушылар - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауымен "Жас ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" РҚБ.

Өзгелердің жаңалығы