Бас жаңалықтар
Елімізде 8 айда 8 мыңнан астам жол апатынан 1200-ден астам адам қаза болған
11 Қыркүйек 2021, 23:08 114

Елімізде 8 айда 8 мыңнан астам жол апатынан 1200-ден астам адам қаза болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Статистикалық деректерге сәйкес осы жылдың 8 айында елімізде 8 307 апат тіркеліп, одан 12 205 адам зардап шеккен. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәлімдеді.

Жол көлік оқиғаларының (ЖКО) өсуі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,2%-ды құрады, зардап шеккендердің саны 11,2%-ға өсті.

Түрлі ЖКО салдарынан 10 947 адам дене жарақатын алды (10,5%-ға өсті) және 1 258 адам қайтыс болды (17,7%-ға өсті).

Жолдарда кәмелетке толмағандар зардап шеккендердің өсуі ерекше назар аударуға тұрарлық, олардың саны 1808-ден 2298-ге дейін артты және зардап шеккендердің жалпы санының 18,8%-ын құрайды.

Жасалған орны бойынша жол апаттарының негізгі бөлігі 72,6% немесе 6030 елді мекендерде, 1512 халықаралық, республикалық маңызы бар трассаларда, 765 облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда тіркелді. Еліміздің жолдары мен көшелеріндегі апаттар туралы толық ақпарат «qamqor.gov.kz» сайтының «Ақпараттық сервис» бөлімінде орналастырылған.

Көбінесе ЖКО көлік құралдарының соқтығысуынан – 3420 факт, сондай-ақ жаяу жүргіншілерді қағып кетуінен – 2897 орын алды.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес ЖКО-ның 87% жүргізушілердің кінәсінен (7256 факт), оның ішінде 322 алкогольдік немесе есірткілік мас күйде болған. Жол-көлік оқиғалары туралы талдамалық ақпарат «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға қарау және жұмыста қолдану үшін жолданды.

Ең көп өлім жағдайы бүйірлік және ілеспе бағыттағы автокөлік құралдарының соқтығысу нәтижесінде жасалды (қайтыс болғандардың жалпы санының 40,5%). Екінші орында – жаяу жүргіншіні қағып кетумен байланысты жол көлік оқиғалары (қаза болғандардың жалпы санының 26,9%) болып табылады. Белгіленген жылдамдықтың артуынан 1990 ЖКО орын алған, онда 405 адам қаза тапты.

Бұрынғыдай жолдардағы апаттардың ең көп саны Алматы қаласына тиесілі – 2161 жағдай, ал ең жоғары өлім көрсеткіші Алматы облысында анықталды, 268 адам қайтыс болды.

Жол көлік оқиғаларында адамдар зардап шеккен Елордада 349, Шымкент қаласында 203 ЖКО тіркелді.​

ЖКО-ның ең аз саны Солтүстік Қазақстан – 107 және Маңғыстау – 138 облыстарында орын алды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...