Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жасалды

28 Мамыр 2019, 15:42
1908
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің бірнеше облысында 29-30 мамыр күндердегі ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.

Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай жарқылдап, дауыл соғып, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. 30 мамырда түнде және тәңертең кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Қостанай қаласы мен Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %.

Өзгелердің жаңалығы