Елеусіновтің кезекті айқасы қашан өтетіні белгілі болды

21 Қаңтар 2019, 22:51
1748
Бөлісу:
Елеусіновтің кезекті айқасы қашан өтетіні белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы, олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін АҚШ-та наурыз айында өткізеді. Бұл туралы Sports.kz сайты жазды.

27 жастағы боксшының менеджері Зия Әлиевтің айтуынша, Данияр 15 наурыз күні АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында рингке шығады. Оның қарсыласы әзірге белгілі емес.

Елеусінов соңғы кездесуін 24 қараша күні Монте-Карлода өткізіп, никарагуалық Маркос Мохиканы үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Өзгелердің жаңалығы