Елдос Сметов шілде айының үздік спортшысы атанды

7 Тамыз 2019, 16:49
2260
Бөлісу:
Елдос Сметов шілде айының үздік спортшысы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында «Шілде айының үздік спортшысына» дауыс беру аяқталды, деп хабарлады Olympic.kz.

Дауыс беру нәтижесі бойынша дзюдошы Елдос Сметов топ жарды.  Шілде айының үздігі атануға бес спортшы үміткер болды. Олар: Дмитрий Баландин (жүзу), Елдос Сметов (дзюдо), Андрей Актауов (карате), Руслан Жапаров (таеквондо) және Отгонцецег Галбадрах (дзюдо).
 
Спортшыларға дауыс беру бүгін сағат 13.00-де тоқтатылды. Нәтижесінде, Будапешттегі Гран-при турнирінде жеңімпаз атанған Елдос Сметов үздік деп танылды. Ол 48,40 пайыз дауыс жинаған. Екінші орында Андрей Актауов (29,56), үшінші орында Дмитрий Баландин (10,37). 
Өзгелердің жаңалығы