Елдің бас қаласының атауын өзгертуге бюджеттен қаржы бөлінбейді

2 Сәуір 2019, 21:23
2182
Бөлісу:
Елдің бас қаласының атауын өзгертуге бюджеттен қаржы бөлінбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ал ҚР Тұңғыш Президентінің канцеляриясын құруға республикалық бюджеттен шамамен 1 млрд теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» хабарлады. 

Шығындардың көбеюі бірінші кезекте Президенттің жалақы мөлшерін 1 маусымнан 1 шілдеге дейін арттыру тапсырмасына қатысты болып тұр. Әсіресе, осы дәл бір ай қосымша 37 млрд теңгені қажет етуде. Ал қалған қаржы жаңадан жасақталатын мемлекеттік ұйымға, яғни қазір ол заңды түрде тіркелген Елбасы канцеляриясына қажет. Бұған шамамен 1 млрд теңге көлемінде ақша жұмсалмақ. 

«Алайда бас шаһардың атауын ауыстыруға бір тиын да жұмсалмайды. Астананы Нұр-Сұлтанға өзгертуге ешқандай қаражат талап етпейтін, мәселен, заңдық тұрғыдан мәтінге техникалық толықтырулар енгізіледі. Ал бұған қатысты бюджеттен ешқандай шығын болмайды», - деді ҚР Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева.
Өзгелердің жаңалығы