Қазақстан азаматтары ұшып бара алатын елдер тізімі жаңарды

23 Қыркүйек 2020, 16:32
17984
Бөлісу:
Қазақстан азаматтары ұшып бара алатын елдер тізімі жаңарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан азаматтары ұшып бара алатын елдердің тізімін жарияланды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда қазақстандықтар 11 елге бара алады. Сіз шет мемлекеттер қандай талаптарды қоятынын біздің кестеден біле аласыз, - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ресми өкіл айтып отырған кестеден қазақстандықтардың коронавирусқа тест тапсыруы қажет пе? Қандай да бір мемлекетке барғаннан кейін карантинге жатқызып тастай ма? Жолаушы өзімен бірге қандай құжат алып жүру қажет? Виза қажет пе, жоқ па? деген сұрақтарға жауап табуға болады.

Бұл ақпарат жаңартылып отырады, сондықтан сапарыңызды жоспарлау кезінде шет мемлекеттердің талаптарын мұқият зерделеуді сұраймыз, - деп атапп өтті СІМ ресми өкілі.

Айта кетсек, қазақстандықтар ұшып бара алатын 11 мемлекеттің арасында Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Мысыр, Нидерланд Корольдігі, Корея Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Украина және Ресей бар.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкіметтерінің шешімдері бойынша 2020 жылғы 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіруге рұқсат етілгені белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы