Елде телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады

11 Қазан 2021, 08:25
3344
Бөлісу:
Елде телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 қазанда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.  Бұл туралы «Қазтелерадио» хабарлады.

Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар істеледі. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да істеледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы