Елбасы тапсырмасы: Сағынтаев «Сапалы Қазақстан» жоспарын әзірлеуді тапсырды

5 Ақпан 2019, 12:18
2120
Бөлісу:
Елбасы тапсырмасы: Сағынтаев «Сапалы Қазақстан» жоспарын әзірлеуді тапсырды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасы тапсырмасын орындау үшін министрліктерге «Сапалы Қазақстан» кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды.



2019 жылдың 30-қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің алдына бірқатар нақты міндеттер қойған.

Осы орайда Үкімет басшысы министрліктерге бірқатар жаңа міндетті жүктеді.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашалығы министрліктері «Атамекен» ҰКП-мен бірге 2019 жылдың ортасына дейін  «Сапалы Қазақстан» кешенді жоспарын әзірлеп, қабылдасын. Онда халықаралық деңгейге сәйкес келетін қазақстандық стандарттарды, техникалық регламенттер мен нормаларды 3 жыл ішінде енгізуді, заманауи зертханалық  базаны дамытуды ескерсін», - деді ол.

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев ақпараттық технологияларды дамытуды тапсырды.

«Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Назарбаев унивреситетімен бірге алдыңғы қатарлы ғылыми-технологиялық компаниялар құрған экожүйені, оның ішінде Астана бизнес-кампус пен Астана халықаралық ІТ-стартаптар технопаркін одан әрі дамытуға стратегиялық әріптес ретінде тартуды пысықтасын», - деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы. 

Осыған дейін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында министрлерле жаңа міндеттерді жүктегенін жазғанбыз.



Дәурен ЕРБОЛАТҰЛЫ
Өзгелердің жаңалығы