Елбасы Қоры Алматыдағы коронавируспен күреске 100 млн теңге аударды

19 Наурыз 2020, 15:22
2350
Бөлісу:
Елбасы Қоры Алматыдағы коронавируспен күреске 100 млн теңге аударды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов онлайн-брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, коронавируспен күреске бөлінген бұл қаражаттар медицина және құқыққорғау қызметкерлеріне сыйақы ретінде беруге және зейнеткерлерге азық-түлік үлестіруге бөлінеді. Сондай-ақ, бұл қаражат Алматының қорына аударылған, оның жұмсалуын Алматыдағы коронавирусқа қарсы құрылған штаб қарайды. 

Алматының Қоры негізінен 2008 жылы құрылған. Осыған дейін 711 млн теңге жиналды. 2011 жылы оның 145 миллионы Алатау ауданын абаттандыруға жұмсалды. 2012-2013 жылдары 150 млн теңге жиналып, оның барлығы таудағы құлаған ағаштарды орнына келтіру үшін бөлінді. 2015 жылы Наурызбай ауданында болған селден соң ауданда 6 спорт алаңы құрылды. 2019 жылы Арыста болған жағдайға 76 млн теңге жиналып, оның барлығы құрылыс жүргізуге жұмсалды. 2019 жылдың соңында Бек Эйрдің ұшағы құлаған кезде 9,8 млн теңге жиналып, бөлінді. Мұның бәрі халқымыздың қиын кезде жұмылып көмектесудің нәтижесі, - деді ол.
Бұған дейін, Қазақстанның Тұңғыш президенті - елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоры 200 млн теңге бөлгенін хабарлаған болатын. Ол қаражат карантиндегі қалалардағы коронавируспен күреске бөлінді. Сонымен қатар, ақшаның бір бөлігі балалар үйі мен астанадағы мамандандырылған ауруханаларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталатыны да белгілі болды.

Ал Нұр Отан партиясының мүшелері көмек ретінде біркүндік айлықтарын бөлген болатын.
Өзгелердің жаңалығы