Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Блокчейн технологиясын жылжымайтын мүлік рәсімдеу үдерісіне енгізудің арқасында қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті онлайн режимінде сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Блокчейн технологиясы - сіздің өміріңізге қатысты барлық шынайы дерек, жазбаларды тізбектеп сақтау технологиясы.
Жаңа қызмет туралы өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев және Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Жұмабек Мамутов осындай мәлімдеме жасады.
Жалпы, жылжымайтын мүлік туралы қызметтер бойынша ХҚКО-на өте көп адам жүгінеді. Жыл басынан 1,6 млн адамға қызмет көрсетілген. Оның 900 мыңы ХХҚО-нан көмек алса, 700 мың адам нотариусқа жүгінген. Өздеріңіз білетіндей, нотариус қызметі – ақылы қызмет түрі. Мәселен, тұрғындар ХҚКО-на арыз жазып, тіркеу туралы шешімді алу үшін қызмет көрсету орталығына екі рет келіп кетеді. Халықтың осы байланыс түріндегі кедергілерді алып тастау үшін біз цифрлық құрылымдарды одан әрі дамыттық. Мұның арқасында бүгінгі күнде пәтерді онлайн сатып алуларыңызға болады. Яғни, сатып алушы смартфон арқылы пәтер сатып ала алады, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин мәлім етті.
Сондай-ақ, брифинг барысында Бағдат Мусин пәтерлерді онлайн рәсімдеу жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігі қалай қорғалатынын түсіндірді.
Электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзімізге бағынышты қылып пайдаланумыз керек. Өзгелерге көрсетпей, олардың көшірмесін қалдырмай, мұқият болу маңызды. Болашақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін eGovMobile қосымшасында биометриялық параметрлер мен цифрлық қолтаңбаларды қосып істелетіндей етіп жасап шығарамыз. Әрине, технологиялардың дамуына сай түрлі қауіптер де көбейе беретіні сөзсіз. Сол себепті ақпараттық қауіпсіздік саласында біраз жобаларды қолға алып жатырмыз, - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өндіріс министрі.
Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Жұмабек Мамутовтың айтуынша, ипотекалық несиелеу – бүгінгі таңда сұранысқа ие өнімдердің бірі. Цифрлық форматқа көшу банк клиенттеріне көптен күткен баспанасын сатып алу уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, кепіл шартын және үлестік қатысу шартын тіркеу процестері жеңілдетіліп, жеделдетілді.
Мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығы арқасында дәстүрлі қызметтер онлайн режимге өтіп, қазақстандықтар үшін ыңғайлы әрі қолжетімді бола бастады. Бұл ыңғайлы қызмет қана емес, сонымен қатар әр кезеңде толық қауіпсіздік пен сенімділікке кепілдік беретін мәміле жасаудың абсолютті ашық тәсілі болғаны маңызды. Біз бұның клиенттерімізге қызмет көрсетудегі үлкен серпіліс екеніне сенімдіміз және өз процестерімізді одан әрі цифрландыру, клиенттеріміз үшін қарапайым, түсінікті және ыңғайлы қызметтерді іске қосу бағытын жалғастырамыз, – деді Halyk Bank басқарма төрағасы орынбасары Жұмабек Мамутов.