Бас жаңалықтар
Ел чемпионаты. СҚО Қызылорда құрамасына жол берді
05 Сәуiр 2021, 11:20 142

Ел чемпионаты. СҚО Қызылорда құрамасына жол берді

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан Көкпардан ел чемпионатының алтыншы күні жалғасуда.

Бүгінгі алғашқы болып алаңға шыққан Бірінші лиганың қос командасы СҚО мен Қызылорда облысының құрамалары болатын.


СҚО құрама командасы

Смағұлов Руслан – мінген аты «Досбол»
Дүйсеков Еркебулан – «Қасқалдақ»
Рысмағамбетов Қуаныш – «Дауыл»
Әбесов Нұрсұлтан – «Дамбо»
Махатов Абылайхан – «Джими»
Ризахан Бауыржан – «Аққоян»
Зайдуллин Алмас – «Қазына»
Дайырбаев Мереке – «Сарко»
Ысқақов Алпамыс – «Айқасқа»
Ғалинұров Данияр – «Арғымақ»
Любарский Вадим – «Сибак»
Шәкенов Нұрболат – «Алатау»

Қызылорда облысының құрамасы

Қамбарбеков Нұржан – мінген аты «Жұлдыз»
Қонқаевт Алтай – «Сұңқар»
Оспанов Олжас – «Бақторы»
Мырзагелдиев Асхат – «Көкжал»
Мырзашев Серік – «Айтөбел»
Ташжан Ағжан – «Қаратау»
Ағайдар Дәулет – «Қарақат»
Әмзеев Наурызқожа – «Тәуекел көк»
Досалиев Жамбыл – «Тайбурыл»
Нариев Нұрболат – «Қырғыз торы»
Қалмұхамбетұлы Абылайхан – «Сайрам»
Өміртаев Пазылхан – «Бойтұмар»


Алғашқы айналымда есеп ашса да, СҚО құрамасы айтарлықтай ойын көрсете алған жоқ. 


Қызылорда құрамасы бұл ойынның тізгін ұстары өзі екенін анық сездірді. Дегенмен командалар арасында тартысты ойын өтті. 


Екі айналым аяқталғанда есеп – 6:2 болды. Қызылорда құрамасының пайдасында.


Бұл жолғы ойында СҚО-ға тиесілі екі салымның бірін Дүйсеков Еркебұлан салса, екіншісін Әбесов Нұрсұлтан салды. 


Ал Қызылорда құрамасының салымгерлері мыналар: Мырзашев Серік – 3 салым, Әмзеев Наурызқожа – 2 салым және Нариев Нұрболат – 1 салым салды.



Фото: автордан
Загрузка...