Ел чемпионаты. Нұр-Сұлтан құрамасы Шымкентті 10:2-мен ұтты

2 Сәуір 2021, 14:44
2895
Бөлісу:
Ел чемпионаты. Нұр-Сұлтан құрамасы Шымкентті 10:2-мен ұтты
PHOTO
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Бірінші лиганың «А» тобындағы топтық ойындары аяқталды. Соңғы ойын Нұр-Сұлтан қаласы құрамасы мен Шымкент қаласы құрамалары арасында өтті.

Бұған дейін Маңғыстау облысы мен Ақтөбе облысынан айласын асырған «Астана» командасы бүгін Шымкенттің жігіттерін тізе бүктірді.

Ел чемпионаты. Нұр-Сұлтан құрамасы Шымкентті 10:2-мен ұтты

Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы

Амангельдинов Казбек
Қартқожақ Нұрболат
Онгарбаев Асқар
Хасенов Азамат
Ережеп Абай
Амалбеков Жақсылық
Тлебалдиев Елдос
Мәтжан Мейіржан
Киль Владимир
Каттабосынов Алижан
Кабжанов Арслан
Есенгельды Елжас

Бұған дейін Жамбыл жігіттеріне есе жіберген Шымкент қаласы құрама командасы, бүгін де табанды ойын көрсете алмады. 

Ел чемпионаты. Нұр-Сұлтан құрамасы Шымкентті 10:2-мен ұтты

Шымкент қаласының құрама командасы

Омаров Нұрмахан
Байдашев Ерболат
Жарменов Рауан
Шанжархан Әлайдар
Алдашев Рахымжан
Молдаберген Нұрсұлтан
Өміртай Бекзат
Болысбек Мейірбек
Бөлеген Нұрболат
Жарылқап Елдар
Тұрлыбай Рәпілбек
Даирбек Нұрбақыт

Сонымен, алғашқы айналымда-ақ ойын тағдырын шешіп тастаған астаналықтар, екінші айналымда есепті 10:2-мен аяқтады. Ойында есеп ашқан астаналық шабандоз Ережеп Абай – 6 салым салып, бұған дейін ең көп салым салған Атырау облысы құрамасының шабандозы Жұнісов Алмастың рекордын жаңартты. Одан бөлек Мәтжан Мейіржан 3 салым салса, «Астана» құрамасының тағы бір ойыншысы Қартқожақ Нұрболат бір салымға қол жеткізді.

Шымкент қаласы құрамасына тиесілі екі салымды Шәнжархан Әлайдар мен Омаров Нұрмахан салды.

Ел чемпионаты. Нұр-Сұлтан құрамасы Шымкентті 10:2-мен ұтты

Осымен Бірінші лиганың «А» тобындағы топтық ойындардың бүгінгі додасы аяқталды. Ертең Бірінші Лига «Б» тобының топтық ойындарында: 

Қостанай облысы – Алматы қаласы
Ақтөбе облысы – Маңғыстау облысы
Павлодар облысы – Шымкент қаласы

Ел чемпионаты. Нұр-Сұлтан құрамасы Шымкентті 10:2-мен ұтты

Қарағанды облысы – Алматы облысының құрамалары тартысады. Сонымен қатар, Жоғарғы Лига кездесу ойындарының 3-ші айналымында:

Түркістан облысы – Атырау облысы

Жамбыл облысы – Қызылорда облысының құрамалары кездесетін болады.

Ал қазір кеше ауа райының қолайсыздығынан кейінге шегерілген Аударыспақтан командалық сайыс басталды.

Өзгелердің жаңалығы