Экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесі жетілдіріледі

4 Наурыз 2020, 21:24
1654
Бөлісу:
Экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесі жетілдіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі экспорттық бақылаудың қазіргі заманға сай және тиімді жүйесін құру мақсатында "Ерекше тауарларды бақылау туралы" және "Ерекше тауарларды бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын әзірлеп жатыр.

Бұл заң жобалары жаппай қырып-жою қаруын таратпауға қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтауға бағытталған (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1540 қарары) қару-жарақ пен әскери техниканы заңсыз сатуға жол бермеуді көздейді (қару-жарақ саудасы туралы шарт).

Қазіргі кезде заң жобаларының тұжырымдамалары Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 499-шы отырысында мақұлданды.

Айта кету керек, қолданыстағы "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2007 жылы қабылданған болатын. 10 жылдан астам бұрын құрылған қосарлы және әскери мақсаттағы тауарларды бақылау жүйесінің қалыптасқан ұйымдық құрылымы мен халықаралық стандарттарға жауап беретін толыққанды заңнамасы бар.

Қазіргі уақытта елімізде заң жобасының белгіленген нормаларын, сондай-ақ қосарлы және әскери мақсаттағы тауарлар айналымын бақылау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдану тәжірибесі жеткілікті жинақталған. Қос және әскери мақсаттағы тауарларды бақылау саласындағы қолданыстағы заңнаманың артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды.

Сонымен қатар, тез өзгеріп жататын халықаралық ахуал жағдайында қосарлы және әскери мақсаттағы тауарларды бақылаудың ұлттық жүйесі Нормативтік-құқықтық базаны тұрақты дамытуды және жетілдіруді талап етеді.

Қазіргі уақытта заң жобалары Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына келісім жұмыстарын жүргізу үшін жолданды. 
Өзгелердің жаңалығы