Экс-депутат қайтыс болды

21 Маусым 2021, 14:45
3055
Бөлісу:
Экс-депутат қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының экс-депутаты, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының омбудсмені Тарас Кикбайұлы Хитуов қайтыс болды.

Бұл туралы yedilovonline телеграмм каналында хабарланды.

Тарас Хитуов 1964 жылы 4 қаңтарда Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Үйленген, үш баласы бар.

В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. КСРО кезінде бокс бойынша спорт мастері болды.

Еңбек жолын Маңғыстау облысы Ақтау қаласы пластмасс зауыты аппараттық құрылғыларды жөндейтін слесарь болып бастаған.

2002-2003, 2008-2010 жылдары Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болды. 

2003-2004 жылдары Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарды.

2016 жылы Nur Otan партиясы атынан Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болды.
Өзгелердің жаңалығы